26 қыркүйек 2026
Фото: Unsplash
Үйлесімдер

Қазақ мәтініне арналған қаріп жұптары: тексерілген 6 үйлесім

Мінезді тақырып пен сабырлы мәтін — классика. Екі қаріптің де қазақ кириллицасы мен 2021 жылғы латын әліпбиін толық қолдайтын жұптарын жинадық.

Жақсы жұп контрастқа құрылады: бір қаріп мінез береді, екіншісі оқуға кедергі келтірмейді. Қазақ мәтіні үшін тағы бір шарт бар — екі қаріпте де қазақтың тоғыз әрпі түгел болуы керек, әйтпесе жұп «Қазақстан» деген алғашқы сөзде-ақ ыдырап кетеді.

Засечкалар контрасты

  • Playfair Display + Onest — тақырыптарда контрасты антиква, мәтінде бейтарап гротеск. Журналдарға, мейрамханаларға және премиум брендтерге лайық.
  • Cormorant + Inter — жіңішке, сырбаз антиква мен функционалды интерфейс гротескі.
  • Literata + Golos Text — екі гарнитура да ұзақ оқуға есептелген, жұп медиа мен білім беру жобаларына жақсы.
Қазақ тілінің әуені

Жақсы шрифт әрбір әріпті құрметтейді: ә, ғ, қ, ң, ө, ұ, ү, һ және і басқа таңбалармен үйлесімді көрінуі керек.

Тақырып · Playfair DisplayМәтін · Onest
Қазақ тілінің әуені

Жақсы шрифт әрбір әріпті құрметтейді: ә, ғ, қ, ң, ө, ұ, ү, һ және і басқа таңбалармен үйлесімді көрінуі керек.

Тақырып · CormorantМәтін · Inter
Қазақ тілінің әуені

Жақсы шрифт әрбір әріпті құрметтейді: ә, ғ, қ, ң, ө, ұ, ү, һ және і басқа таңбалармен үйлесімді көрінуі керек.

Тақырып · LiterataМәтін · Golos Text

Бір жүйе

  • Roboto Slab + Roboto — бір суперотбасынан шыққан брусок засечкалы қаріп пен гротеск: пропорциялары ортақ, мінездері әртүрлі.
  • PT Serif + PT Sans — мәтіні көп құжаттар мен сайттарға арналған сыннан өткен жұп.
  • Source Serif 4 + Geologica — заманауи кітап антиквасы және салмағы вариативті геометриялық гротеск.
Қазақ тілінің әуені

Жақсы шрифт әрбір әріпті құрметтейді: ә, ғ, қ, ң, ө, ұ, ү, һ және і басқа таңбалармен үйлесімді көрінуі керек.

Тақырып · Roboto SlabМәтін · Roboto
Қазақ тілінің әуені

Жақсы шрифт әрбір әріпті құрметтейді: ә, ғ, қ, ң, ө, ұ, ү, һ және і басқа таңбалармен үйлесімді көрінуі керек.

Тақырып · PT SerifМәтін · PT Sans
Қазақ тілінің әуені

Жақсы шрифт әрбір әріпті құрметтейді: ә, ғ, қ, ң, ө, ұ, ү, һ және і басқа таңбалармен үйлесімді көрінуі керек.

Тақырып · Source Serif 4Мәтін · Geologica

Жұпты қалай тексеруге болады

Каталогта қазақ әріптері бар тақырып пен абзац теріңіз, «Кир / Лат 2021» ауыстырғышын басып, жолдың түсін салыстырыңыз: кегль бірдей болғанда қаріптердің қанықтығы бір-біріне жақын көрінуі тиіс.

Қазақ әріптері бар шрифтті таңдаңыз

Каталогтағы әр шрифт файл бойынша тексерілген.

Каталогты ашу →

Мұны да оқыңыз

Барлық мақалалар →
№ 02Нұсқаулықтар
ӘҒҚҢӨҰҮҺІ
9 әріп · Playfair DisplayKazakh Fonts
Нұсқаулықтар

Қай қаріптер қазақ тілін қолдайды: тексеру керек 9 әріп

«Кириллицасы бар» қаріп әлі «қазақшасы бар» деген сөз емес. Қай әріптер жиі жетіспейтінін және қаріпті бір минутта қалай тексеруге болатынын талдаймыз.

№ 03Топтамалар
Үздік
бес гротеск
Onest · Golos · Inter · Commissioner · MontserratKazakh Fonts
Топтамалар

Сайттар мен интерфейстерге арналған қазақшасы бар үздік 5 гротеск

Бейтарап, оқуға жеңіл және тегін: мемлекеттік қызметке де, мобильді қосымшаға да, ұзын кестеге де шыдайтын гротесктер.

№ 04Латын әліпбиі
Qazaq
latyn — 2021
Ä Ğ Ñ Ş Ū Ü
Латын 2021 · Playfair DisplayKazakh Fonts
Латын әліпбиіНұсқаулықтар

2021 жылғы қазақ латын әліпбиі: қандай әріптер керек және қай қаріптер дайын

Жаңартылған латын әліпбиінде Ä, Ğ, Ñ, Ö, Ş, Ū, Ü және İ/ı жұбы қолданылады. Екі тілді макеттерге қаріп таңдағанда неге қарау керегін айтамыз.