Manrope, Unbounded, Jost: қазақ әріптері жоқ танымал қаріптер
Google Fonts-тағы 50-ге жуық танымал қаріптің файлдарын тексердік. Дизайнерлердің кейбір сүйікті қаріптері қазақша жаза алмайды — мұны байқамай қалу оңай.
Google Fonts-тағы 50-ге жуық танымал қаріптің файлдарын тексердік. Дизайнерлердің кейбір сүйікті қаріптері қазақша жаза алмайды — мұны байқамай қалу оңай.
Қаріп файлдарын ашып, оларда кириллицаның тоғыз қазақ әрпі мен 2021 жылғы латын таңбаларының бар-жоғын тексердік. Нәтиже таң қалдырды: «олқы» қаріптердің арасында әрбір екінші лендингте тұрған қаріптер шықты.
Jost қарпінде кириллицаның тоғыз қазақ әрпінің бірде-біреуі жоқ. Есесіне онда 2021 жылғы латын әліпбиі толық қолдау тапқан.
Мінезі жақын, толық қолдауы бар баламалар: Manrope орнына — Onest немесе Golos Text, Unbounded орнына — жуан сызылымдағы Geologica, Jost орнына — Montserrat немесе Commissioner. Бәрі коммерциялық пайдалануға тегін.
Каталогтағы әр шрифт файл бойынша тексерілген.
Мінезді тақырып пен сабырлы мәтін — классика. Екі қаріптің де қазақ кириллицасы мен 2021 жылғы латын әліпбиін толық қолдайтын жұптарын жинадық.
«Кириллицасы бар» қаріп әлі «қазақшасы бар» деген сөз емес. Қай әріптер жиі жетіспейтінін және қаріпті бір минутта қалай тексеруге болатынын талдаймыз.
Бейтарап, оқуға жеңіл және тегін: мемлекеттік қызметке де, мобильді қосымшаға да, ұзын кестеге де шыдайтын гротесктер.